RU
Қаскелеңде бала сатып алмақ болған әйел бостандыққа шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қаскелеңде бала сатып алмақ болған әйел бостандыққа шықты

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында жаңа туылған нәрестені сатуға қатысты істің жаңа мәліметтері анықталды. Сәбиді сатып алмақ болған әйел 12 миллион теңге кепілдікке беріп бостандыққа шығып кеткен деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: Vmestezp.org

фото: Vmestezp.org

Ал, оқиғаға қатысы бар медициналық қызмердің жағдайы әзірге белгісіз. Оның бостандыққа шығу-шықпауы туралы аурухана мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Журналистер саудаға салынбақ болған баланың анасы туралы мәліметтерге ие болды. 20 жастағы Кәмшат жақын арада ғана күйеуімен ажырасып кеткен. Қаскелеңде бойжеткен анасы мен інілерімен бірге тұрған.

Нәрестені сатып алмақ болған әйелдің туыстары оған тағылып отырған айыпқа келіспейтіндерін айтуда. Олар келісімшарттың заңды түрде іске асып жатқандығына сендірген дәрігерлерді кінәлап әлек.

Анықталғандай, баланы сатып алу үшін екі жақ үш ай бұрын өзара келіскен. Нәтижесінде ерлі-зайыптылар сәби үшін миллион теңге төлепті.

Іс әшкеренгеннен кейін қамауға алынған әйел бір аптадан соң 12 миллион тенге кепілдікке беріп бостандыққа шықты. Ерлі-зайыптылар ол үшін несие алған.

Ал саудаға түскен нәресте әзірге перзентханада жатыр. Оның тағдыры жақын арада шешілмек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel