Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да бір жасар бала аулада тұрған ыдыстағы суға тұншығып өлді

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында ата-анасының қарауынсыз қалған бір жастағы бала 20 литрлік ыдыстағы суға тұншығып, шетінеп кетті деп хабарлайды AltayNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

ШҚО-да бір жасар бала ыдыстағы суға тұншығып өлді
ШҚО-да бір жасар бала ыдыстағы суға тұншығып өлді: UGC

Қайғылы оқиға кеше Бозанбай ауылында орын алған.

Осы ауылға таяуда ғана көшіп келген жас отбасы үй шаруасына айналып кеткенде, сәбилері есік алдында тұрған ыдыстағы сумен ойнамақ болған көрінеді.

Алайда аяғын апыл-тапыл басып жүрген сәби суға құлап кеткен сияқты. Ата-анасы жанына келгенше, сәби суға тұншығып қалған.

Оқиға орына полиция қызметкерлері келіп, жағдайдың анық-қанығын анықтау үстінде. Ал Төтенше жағдай департаменті болса жаз айында ата-аналарға сақ болуды, балаларды жалғыз қалдырмауды тағы бір мәрте ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1744948-sko-da-bir-zasar-bala-aulada-trgan-ydystagy-suga-tnsygyp-ldi/

pixel