RU
Тас көшкінінде қалған туристерді құтқаруға Ми-171 тікұшағы жөнелтілді
Жаңалықтар Қоғам

Тас көшкінінде қалған туристерді құтқаруға Ми-171 тікұшағы жөнелтілді

Рассказать Вконтакте

Төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдеуінше, тас көшкінінің астында қалып қойған туристерді құтқару үшін арнайы Ми-171 тікұшағы жөнелтілді. Жедел құтқары тобы Алматыдан Қырғызстанға қарай жол тартты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: kazaviaspas.kz

Фото: kazaviaspas.kz

Жедел құтқару тобы сағат 6:58 шамасында Қырғызстан аумағындағы Скрябин мұздығына қарай бет алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, теңіз деңгейінен 4100 метр биіктікте туристер тобы тас көшкінінің астында қалып қойған.

Тоғыз адамнан құралған жедел құтқару тобы Алматыдан арнайы ұшып шықты.

Айта кетейік, күні кеше қазақстандық бір топ турист Қырғызстан аумағында тас көшкінінің астында қалып қойған.

Оқиғада бір адам қаза тауып, тағы бірі ауыр жағдайда жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel