RU
Оралда немересі үшін келінін пышақтап өлтірген ер адам 11 жылға сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Оралда немересі үшін келінін пышақтап өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Оралда келінін пышықтап өлтірген қайын атасына қатысты үкім шықты. 51 жастағы Асылбек Омаров 11 жылға түрмеге тоғытылатын болды. Жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін ол сот үкіміне қарсылық білдірмеді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оралды

Жұрттың жағасын ұстатқан бұл қанды оқиға осыдан үш ай бұрын болған еді. Күйеуімен ажырасқан 27 жастағы Ақерке Қозыкешова ұлын алып төркініне Семейге кетіп қалған.

Алайда оның бұрынғы жары артынан келіп, ұлын алып, қайтадан Оралға әкетеді.

Баласын сағынған анасы оны алып кетпек болғанда, қайын атасы келініне жұдырық ала жүгірген. Алдымен ұрып-соғып, кейін кеуде тұсына пышақ сұғып өлтіреді.

Ер азамат кінәсін мойындап, тәртіп сақшыларына өзі келген. Үкім шығарарда судья осы жағдайды және оның бұрын сотталмағанын ескерді.

"Қылмыстық кодекстің 99 бабының 1 тармағына сай ең ауыр жаза мерзімі 15 жыл. Алайда қылмыскер өз кінәсін мойындағандықтан, сот оның жазасын жеңілдететін жағдайларды ескеріп, күдіктіні 11 жылға бас бостандығынан айырды", - деді судья Бақыт Ермаханов.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
3
3
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel