Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық қария дені сау болса да 15 жылын жындыханада өткізген

Опубликовано:

Дені сау Павлодар тұрғыны дәрігерлер қателігінен 15 жылын психоневрологиялық диспансерде өткізген. Өзінің ауру емес екенін зейнеткер ресейлік дәрігерлер арқылы ғана дәлелдей алыпты дейді 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 31 арна/ видеодан кадр
Фото: 31 арна/ видеодан кадр: UGC

Елубайды 40 жыл бұрын бұрынғы әйелі мен оның туыстары заңсыз түрде Атырау облыстық психиатриялық ауруханаға жатқызған. Азамат онда 10 жыл бойы комаға әкелетін инсулин-коматозды терапия қабылдаған екен.

Ал кейінірек жақсы адамдардың көмегімен қария Павлодардағы психдиспансерге ауысып, онда тағы бірнеше жылын өткізіпті.

Зейнеткердің айтуынша, ол Қазақстанда өзінің ақыл-есі дұрыс екенін дәлелдей алмаған. Сол себепті, Мәскеудегі тәуелсіз эксперттерге жүгінген екен.

Сербский орталығының сарапшылары Елубайдың дені сау екенін және оның ешқандай психикалық ауытқышулығы жоқ екенін көрсеткен.

Енді зейнеткер кінәлілерді жазаламақ. Ол диспансерлерді сотқа беріп, үш миллион теңге алғысы келеді. Қария өзі жатақханада тұрғанымен, бұл ақшаны қайырымдылық қорына өткізбекші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744973-pavlodarlyk-karia-deni-sau-bolsa-da-15-zylyn-zyndyhanada-tkizgen/

pixel