RU
Түркістан облысында ауыл жастары бес балалы анаға тегін үй салып жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында ауыл жастары бес балалы анаға тегін үй салып жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек би ауданындағы Ақбастау ауылының белсенділері көпбалалы анаға үй салып беріп жатыр. Бес баласы бар келіншек үшін жасалынып жатқан игі іс имамның бастамасы бойынша іске асуда. Бұл туралы редакциямызға хабарласқан NUR.KZ оқырманы бөлісті.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.
Source: UGC

«Тұрмысы төмен бір отбасыға бір баспана» атты қайырымдылық шара имаммен қатар қоғамдық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен іске асырылып жатыр. Бұл бастаманың арқасында енді бес баланың анасы баспаналы болмақ.

Көпбалалы анаға арнайы үй салып беру туралы ұсынысты жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы түсірген. Көпбалалы ананың қамы үшін барлық ауыл тұрғындары жүгіріп жүр. Әрқайсысы сәлде болса да өз үлестерін қосуға ниетті.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.
Source: UGC

Әкімшілік өкілдері тұрғын үйдің құжаттарын рәсімдеуге кіріссе, жеке кәсіпкерлер құрылысқа қажетті материалдарды алып қаржылай көмек беруге ұмтылған.

Салынып жатқан құрлысты қадағалап тұруға ауылдың абыз қариясына жүктелген. Күш жұмылдыра жасалынып жатқан игі іс өз нәтижесін тамыз айының ортасында бермек. Бұл уақытта көп балалы ана өзінің су жаңа үйіне кіре алады.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.
Source: UGC

Бұдан бөлек биыл тұрмысы төмен екі отбасыға екі бұзаулы сиыр берілді. Жергелікті жеке шаруашылық төрағасы жылда тұрмысы төмен отбасыларға 40 бас малды зекет есебінен таратып отырады. Ал ауылдан шыққан ақын қыз Ақмарал Леубаева тұрмысы төмен отбасы үйінің шифрын жаңартуға қаржылай көмектескен.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.
Source: UGC

Ауыл жастары алдағы жылдарыда тұрмысы төмен бір отбасыға бір баспана салып беруді жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel