RU
Астаналық полицей қорқынышты жағдайда жұмыс істеп жүргеніне күйінді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық полицей қорқынышты жағдайда жұмыс істеп жүргеніне күйінді (фото)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp +7 771 718 15 57 нөміріне ІІБ ғимаратының қорқынышты күйге түскенін айтып, суреттер жолдады.

ІІБ. Фото: NUR.KZ оқырманы

ІІБ. Фото: NUR.KZ оқырманы

Астананың Сарыарқа ауданы ІІБ-де жұмыс істейтін полицейдің айтуынша, қызметкерлерге жаңа ғимаратқа көшіретіндері туралы талай жылдар уәде етіп келген.

ІІБ. Фото: NUR.KZ оқырманы

ІІБ. Фото: NUR.KZ оқырманы

"Салық төлеп отырған халық бізді жұмыс істемейді деп шағым айтады. Алайда еш жағдай қарастырылмаған мынадай ғимаратта қалай жұмыс істейсің? Бізде қамсыздандыру бөлімі бар, ол барлық қажет қаражатты алып отыр. Алайда оларға жүгінсек, бухгалтерия рұқсат етпейді деген жауап қайтарады. Бізге талай жыл бойы жаңа ғимаратқа көшіреміз деп бос уәде беріп келуде", - деп мұңын шақты тәртіп сақшысы.

ІІБ. Фото: NUR.KZ оқырманы

ІІБ. Фото: NUR.KZ оқырманы

"Мемлекет барлық қажет қаражатты бөліп отырғанымен, қызметкерлер өз қалтасынан төлегендей әлдеқандай болады.

Жұмысқа канцеляриялық заттар қажет, әр тергеуші айына екі реттен қағаздарды өзі сатып алады", - дейді полицей.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне ІІБ қызметкерінің шағымы туралы сауал жолданды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel