RU
Алматыда көлік қаққан бозбаланы ұрып-соғып, арыққа тастап кеткен (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда көлік қаққан бозбаланы ұрып-соғып, арыққа тастап кеткен (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда осыдан бір жарым ай бұрын орын алған жол-көлік апатына кінәлі тарап әлі анықталар емес. Маусым айында Төле би және Байзақов көшелерінің қиылысында орын алған оқиғадан жапа шеккен Артем белгісіз жағдайда арықтан мас күйінде табылыпты. Бұл туралы Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Алматиыда

Скриншот: Алматы арнасы

Бозбаланың анасы кінәлі жүргізуші жауапкершіліктен жалтару үшін осындай әрекетке барды дегенді алға тартуда. Бүгінде жігіттің туыстары тергеу жұмыстарын өздері жүргізіп жатқан көрінеді.

Оқиға түсірілген бейнекадрлардан Артемнің автобустан түсіп, бағдаршамның жасыл түсінен жолды кесіп өтіп бара жатқаны байқалады. Бірақ жол жиегіне жете бере, оны көлік қағып кеткен.

Артем оқиға орнында дене жарақатын алса да, өзі аяққа тұрып кете беріпті. Өйткені, қаққан көлік жүргізушісі жауапкершіліктен жалтару үшін зардап шеккен азаматқа көмек қолын созбай, темір тұлпарын тізгіндеп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Әйтсе де, екі көше жүргеннен соң Артем бәзбіреулердің қақпанына тағы түседі. Бозбаланы әлдекім көлікке салып, ішімдік ішкізіп, дене жарақаттарын қалдырған соң, арыққа тастап кеткен көрінеді.
Алматиыда

Артем. Скриншот: Алматы арнасы

"Мұндай қорлықты көрсеткен - әлгі көлігімен қағып, қарамай кеткен жүргізуші болуы бек мүмкін", - дейді Артемның ағайындары.

Шарасыз болған олар өз беттерімен тергеу жұмысын бастап кеткен. Сол күнгі оқиғаның картинасын құрастыру қолдарынан келіпті.

"Бұл істі қарап жатқан инспектордан қайыр болмады. Сол күні Артемнің жүрген бағытын зерттеп, көше бойындағы нысандардың бейнекамераларындағы таспаны сұрастыра бастадық. Көбі түсініп, бізге қол ұшын созды", – деді жігіттің туысы Марина.

Оқиға салдарынан денсаулығына зақым келген Артем жұмысынан шығып кетіпті. Алда бірнеше ай ем-дом алу керек екен.

"Ауа райы бұзыла қалса, басымның сол жақ бөлігі ауыра бастайды. Соққы осы жағымнан болған соң шығар. Жұмыс орнымда да жағдайым қиын. Басында денсаулығыма байланысты еңбекке жарамсыз болған соң бармай жүрдім. Қазіргі күйіммен енді бара да алмаймын. Бетімнің бәрі тыртық, оның үстіне тістерім түсіп жатыр", – дейді Артём Долгалев.

Ал қалалық Ішкі істер департаменті қылмыстық іспен мамандардың айналысып жатқанын жеткізді. Тіпті арнайы топ құрылып, іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Ал Артем мен оның туыстары істі аяғына дейін жеткіземіз деп бекініп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel