RU
"Отаныма қайтқым келеді": Күйеуі тастап кеткен қазақстандық әйел Тәжікстанда арба сүйреп жүр
Жаңалықтар Әлемде

"Отаныма қайтқым келеді": Күйеуі тастап кеткен қазақстандық әйел Тәжікстанда арба сүйреп жүр

Рассказать Вконтакте

12 жыл бұрын тәжік жігітімен Қазақстаннан кеткен Эльмира Тәжікстанда арба сүйреп жүр. Төрт қызымен күйеуі тастап кеткен соң келіншек Душанбе базарында жүк тасуды жөн көріпті деп хабарлайды rus.ozodi.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: rus.ozodi.org

Фото: rus.ozodi.org
Source: UGC

Эльмира Теганова базарда адамдардың азық-түліктерін көрсеткен мекен-жайға дейін апарып, күнін көріп жүр. Душанбе базарында арба сүйрейтін жалғыз әйел бірден 100 келілік жүкті де таси береді екен.

"Мен ештеңе ұрлап жатқан жоқпын. Барлығын адал еңбегіммен тауып жатырмын. Мені ешкім қинаған жоқ, ақша табу үшін осы жұмысты өз еркіммен істеп жүрмін", - дейді Эльмира.

Жалғызбасты келіншектің әріптестерінің арасында беделі жоғары. Арба тасығыш жалғыз әйел болғандықтан, ер адамдар оған жеңіл жүк түскенін қамтамасыз етеді екен. Ал базар басышылығы Эльмирадан ешқандай салық та алмауды жөн көріпті.

Фото: rus.ozodi.org

Фото: rus.ozodi.org
Source: UGC

Эльмираның айтуынша, ол 12 жыл бұрын мұндай өмірді елестетпеген. 2006 жылы жас тәжік жігітімен кеткен қазақстандық әйел 10 жыл бойы өмірі жақсы болғанын айтады. Алайда, екі рет егіз қыздарды дүниеге әкелген соң оның бақытты өмірі аяқталыпты. Күйеуі оны Хатлон облысынан астанаға әкеліп, тастап кеткен екен.

Фото: rus.ozodi.org

Фото: rus.ozodi.org
Source: UGC

Алғашында қайыршылықпен айналысқан келіншек еш құжаты болмаған соң "Дехкон" базарында арбакеш болуға бел байлапты. Қазір ол отанына, өз ата-анасына қайтқысы келетінін айтады.

"Отаныма қайту үшін маған ақша керек. Ал бар тапқаным тек балаларымның тамағына ғана жетеді. Қолымда да еш құжатым жоқ. Менің әкем Астана қаласында тұрады", - дейді арбакеш әйел.

Эльмира әкесімен соңғы рет 2010 жылы хабарласқан. Ол қартайған әкесі Қазақстанға қайтара алатынына күмән келтіреді. Жалғызбасты ана отанына қайтуға көмектесетін жақсы адамның табылатынына үмітпен қарайды.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
39
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel