RU
Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

31 шілде күні жүк көлігі Жамбыл облысының Мойынты-Шығанақ аймағында рельстен шығып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Пойыз. Көрнекі фото: zaleskiy.com

Пойыз. Көрнекі фото: zaleskiy.com

Құзырлы мекеменің баспасөз қызметі оқыс жағдай сағат 8:05-те болғанын айтуда. Пойыздың рельстен шығуына, алдын ала болжам бойынша 28-вагонның шеткі рамасының қисайып кетуі себеп болған.

Аталмыш вагон 2009 жылдың шілдесінде қолданысқа беріліпті. Оның қожайыны - "Исткомтранс" компаниясы.

Мәселені шешуге Шу және Сарыағаш станциясының пойыздары тартылды. Оқиға салдарынан аталмыш аймақта уақытша пойыз қозғалысы тоқтатылды. Қозғалыс шамамен Астана уақыты бойынша кешкі сағат алтыда қайта жанданады.

Пойыз рельстен шыққаннан кейін бес жолаушылар пойызы діттеген жеріне кешігіп келетін болды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Комиссия тексеріс жүргізуде.

Еске салсақ, бұған дейін "Астана-Алматы" бағытындағы жолаушыға лық толы пойыз аударылып қалған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel