RU
"Денистің анасы оны іздеуде": Санжар Мәди спортшының ісі бойынша куәгерге сәлемдеме жолдады
Жаңалықтар Қоғам

"Денистің анасы оны іздеуде": Санжар Мәди спортшының ісі бойынша куәгерге сәлемдеме жолдады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық актер Санжар Мәди қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты куәгерге іздеу салды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Актер Санжар Мәди желі парақшасында Денис Теннің ісіне қатысты кезекті жазбасын жария етті.

"Достар, кеудені кернеген ашу аздап басылуда, алайда жүрек қылмыскердің жазалануын қалайды. Мен қорыққаннан үнсіз отырғандарды да, оларды жақтап жатқандарды да түсінемін. АІІБ-де талай болдым, оның қандай орын екенін жақсы білемін", - деп жазды актер.

Денис Тен мен Санжар Мәди. Фото: Instagram

Денис Тен мен Санжар Мәди. Фото: Instagram

Санжар жазылушыларынан Әсел есімді куәгерді табуға көмектесуін сұрауда.

"Оқиғаның алғашқы куәгерлерінің бірі - өзін Әсел деп таныстырған бойжеткен. Ол өзінің нөмірін қалдырып кетті - 87075788643. Алайда бұл нөмір осы уақытқа дейін сөндірулі (нөмірдің иесін полицейлер арқылы табу - жақсы ой, олар әрекет етіп жатыр, дегенмен...).

Бойжеткен жалған нөмір тастап кетуі ғажап емес (себебін жоғарыда түсіндіріп өттім) немесе есеңгіреген күйде нөмірін қате айтып қойды. Өздеріңіз бұл нөмірді тексеріп көрсеңіздер, бәлкім оны танитын шығарсыздар? Денистің анасы оны іздеп жатқанын айтсаңыздар. Менімен хабарға шықсын. Бұл өте маңызды. 87075788643, Әсел", - деп жазған Санжар.

Еске салсақ, Санжар Мәди Денис Теннің ісіндегі үшінші күдіктіге қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
6
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel