Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы алтын кенішіне 12 адам шабуыл жасады

Опубликовано:

Ақмола облысындағы алтын өндіруші кәсіпорынға 12 бұзақы шабуыл жасаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: fedpress ru
Иллюстрациялық фото: fedpress ru: UGC

Ақмола облысының Шортанды ауылындағы "Қазақалтын" аумағына 12 адамнан құралған топ баса-көктеп кірген. Олар бірге ұйымдасып, күзетшілерге шабуыл жасапты.

Топқа қарсы әрекет жасау үшін қарауылдар бірден көмек шақыртқан көрінеді. Оқиға салдарынан екі адам ауруханаға түсті.

Алтын ұрламақ болған қарақшыларға қарсы "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1745050-akmola-oblysyndagy-altyn-kenisine-12-adam-sabuyl-zasady/

pixel