Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұзатылатын қыздың жасауынан қалай үнемдеуге болады?

Опубликовано:

Жаз мезгілі есік қаққаннан той мерзімі басталды дей беріңіз. Осы уақытта өзгелер тойға қонақ болуға асықса, жігіт пен қыздың туыстары қолды-аяққа тұрмай, жөн-жоралғыны лайықты жасауға тырысады. NUR.KZ порталы қыз жасауын қалай арзан дайындау жөніндегі бірнеше кеңесті назарларыңызға ұсынады.

Фото-коллаж: NUR.KZ
Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

1. Ең бірінші тойды екі жақтың туыстары кездесіп, қанша қонақ шақыратынын есептеп алғаны дұрыс.

Алдымен ұзату мен құда түсуге келетін қонақтардың тізімі дайын болған соң, киіт пен жөн-жоралғының ұсақ-түйегіне дейін тізіп жазып алғаныңыз жөн.

2. Содан-соң қыздың артынан алып баратын киімдер мен кит секілді заттарды мамыр-маусым айларында алып алып қою керек.

Жасау дайындайтын ханымдар осы пунктен біраз қаржы үнемдей алады. Себебі, қыстық киімдерді жаз айында жарты бағасына ала аласыз.

3. Дүниені бұрынғысынша сандықпен арқаламай, орнына жүрмелі сөмкелер пайдалану.

Қазір қыз ұзатуға арналған арнайы сөмкелер де бар. Сіз сол жиынтықты 60 мың мен 100 мың аралығында аласыз. Ал сандықтардың комплектісі 200 мыңға дейін бағаланады. Демек бұл жерде де 50 мың теңге көлемінде үнемдеуге болады.

4. Алтын мен күміс жиынтығын көтерме орындардан 10-20 мыңға арзан аласыз.

Әрине базардан түсіріп алуға да болады. Бір сырғадан 10 мың үнемдесеңіз, тізімдегі он құдағидан қанша ақша үнемдейтініңізді өзіңіз шамамен есептей беріңіз.

5. Тойға арналған мейрамхананы наурыз-сәуір айында жалдап үлгерсеңіз, айтарлықтай пайда табасыз.

Себебі, тамыз айынан бастап мейрамханалар өз бағасын қымбаттата түседі. Сондай-ақ жұма мен сенбі күндерінен басқа уақытта жалданған мейрамхана да айтарлықтай арзан болмақ.

6. Көрпе-төсек пен құдағи көрпеңізді (оңтүстікте) өзіңіз тіксеңіз немесе адам жалдатсаңыз дайын жиынтық сатып алғаннан гөрі арзандау аласыз. Сіз тек тігінші жалдап, бір орам мақта мен көрменің матасын аласыз. Яғни 50 тіпті 100 мың теңге үнемдеп үлгересіз.

7. Ең бастысы, қазіргі заман талабына сай қыздың ыдыс-аяғы мен үйге арналған жабдықтарын ақшалай түрде есепшотына аударуға болады.

Өйткені, үлкен қалаларда өмір сүретін жастарға төсек орын мен ыдыс-аяқты үнемі пәтерден-пәтерге тасып жүру өте қиынға соғады. Ақшалай көмек алған жастар оны өздерінің алғашқы үй салымдарына сала алады.

Қорытындылай келе айтарымыз, егер той мен ұзатылуды наурыз-сәуір айларында жоспарлай алсаңыздар, тойдың бар шығынынан 500 мыңға дейін үнемдеуге болады.

ЕСКЕРТУ! МАТЕРИАЛДЫ NUR.KZ ПОРТАЛЫНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!!!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745051-zatylatyn-kyzdy-zasauynan-kalaj-nemdeuge-bolady/

pixel