RU
Бас мүфти ШҚО-да суға кетіп қалған имам мен оның қос ұлына алаңдап отыр
Жаңалықтар Қоғам

Бас мүфти ШҚО-да суға кетіп қалған имам мен оның қос ұлына алаңдап отыр

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылының имамы Дәурен Сапарғалиұлы мен оның екі баласының Қара Ертіс өзеніне ағып кету оқиғасы дін қызметкерлерін де алаңдатып отыр деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Қайғылы хабарға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз алаңдаушылық білдірді. ҚМДБ Төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы Шығыс Қазақстан облысының имамдарына іздестіру шараларына белсенді қатысуға, ауыл имамының отбасына тиісті көмек көрсетуді тапсырған.

Жағдай жексенбі күні болған. Ауыл имамының 8 жасар ұлы суға түсіп, қатты ағысты игере алмаған. Батып бара жатқан баласын көрген 36 жастағы Д.Халелов бірден суға жүгіреді. Оның соңынан 19 жастағы ұлы да кеткен екен.

Куәгерлердің айтуынша, отбасы мүшелерінің үшеуі де ағысқа қарсы тұра алмай, ағып кетіпті.

Хабар құтқарушыларға жетіп, бірден іздеу шаралары басталған. Имам мен оның ұлдарын іздеуге ауыл тұрғындары да қатысуда.

Бүгінде 80 адам өзен мен оның жағасында іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel