RU
Денис Тенді жерлеу күнінде көңіл айтпаған Олимпиада чемпионына жанкүйерлер шүйлікті (фото)
Жаңалықтар Спорт

Денис Тенді жерлеу күнінде көңіл айтпаған Олимпиада чемпионына жанкүйерлер шүйлікті (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Алина Загитова Денис Тенді жерлеу күні желіге көңілді суретін жариялап, елдің ашуына тиді деп хабарлайды gazeta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оның оқырмандары Денис Теннің өліміне бүкіл әлем қайғырып жатқанда, Загитованың ешқандай пікір қалдырмай үнсіз қалғанына таңғалысты. Тіпті, спортшының қазақстандық әріптесін жерлеу кезінде өзінің жаттығу залынан жүктеген фотосы үшін желі қолданушылары ашулана түсті.

Күліп тұрған суретінің астына ол көңілді "смайликтер" де қойып қойған.

"Алина, дәл осы күні бұл суретті салудың қажеті жоқ еді. Мұның арты неге әкеліп соққанын көрдің бе?", "Сен әлі 16-ақ жастасың, Өмірлік тәжірибең аз. Өзіңді кінәлама", "Мен Қазақстаннанмын. Бүгін Денисті жерледі. Жылап жүргеніме үшінші күн болды. Ал сендер болсаңдар мында дау шығарып отырсыңдар. Денисті рухын құрметтейік", - деп жазғандар да табылды.
Сіздің реакцияңыз
23
5
1
7
3
15
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel