Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әуретті жерінің жоқтығын екі бірдей әйелінен жасырып келген жігіт түрмеден бір-ақ шықты

Опубликовано:

Шотландия тұрғыны Карлос Делакруз (Carlos Delacruz) бірнеше жыл бойы екі бірдей әйелінен жыныс мүшесінің жоқтығын жасырып келгені үшін сотта жауапқа тартылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдер. Көрнекі фото: Panter Media/Scanpix
Әйелдер. Көрнекі фото: Panter Media/Scanpix: UGC

Өзін ер адам ретінде таныстырған 35 жастағы Делакруз екі әйелінің көзінше жылдар бойы жалаңаштанбапты.

Жыныстық қатынас кезінде де әуретті жеріне қол тигізуге түбегейлі қарсы болған азамат олардың күдігін туғызады.

Сотталушы алғашқы әйелімен 2013 жылдың мамырында танысқан. Бірге тұрған кезінде күйеуін ұялшақ деп ойлаған әйелі бастапқыда ештеңе аңдамапты.

Онымен қараңғыда төсек қатынасына түскен әйел жыныстық қатынас кезіндегі ауырсынуларға үндемей шыдап жүреді. Екеуі ақыры айырылысып тынған.

Ал екінші әйелімен 2016 жылдың қаңтарында көңіл жарастырған Карлос оны да алдап соғады. Тек сегіз айға созылған қарым-қатынастан кейін әйел Карлостың әуретті жері жоқтығын біліп қояды.

Алданғандарын ұққан екі әйел де сотқа шағымданған. Карлос жыныстық қатынас кезінде белгісіз заттың көмегіне жүгінгенін мойындады.

Сотта оның әуретті жері жоқтығы расталғанымен, жынысы құпия күйінде қалды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1745062-uretti-zerini-zoktygyn-eki-birdej-jelinen-zasyryp-kelgen-zigit-trmeden-bir-ak-sykty/

pixel