RU
Вице-министр "мемлекет халықты тонауда" дегендерге жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

Вице-министр "мемлекет халықты тонауда" дегендерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтар пәтер мен көлік сатудан түскен пайданың он пайызын зейнетақы қорына аударуға міндетті еместігін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Светлана Жақыпова. Фото: NUR.KZ

Светлана Жақыпова. Фото: NUR.KZ

"Әлеуметтік желіде түрлі пікір жазуда - оларға пәтер мен көлік саудасынан зейнетақы қорына ақша аударылуы тиіс деп түсіндірген. Бұл мүлде олай емес. Мұндай табыстардың қандай да бір үлесін зейнетақы қорына ұстап қалу болмайды", - дейді Жақыпова.

Спикер мемлекет халықты тонап жатыр деген айыптауларға жауап берді.

"Кейбірі мемлекет түйені түгімен жұтып, халықты зейнетақы жарнасын төлеуге мәжбүрлеп отыр деп жазады", - дейді Жақыпова.

Ол бұл айыптаулардың негізсіз екеніне қарапайым математиканың көмегімен көз жеткізуге болатынын алға тартты.

"Тұрғын келісімшартта бір минималдық жалақы көлемін көрсетті делік. Бұл соманың он пайызы шамамен 2 824 теңге. Аталмыш соманы 30 жыл төлеп тұрса, 1,1 млн теңге болады. Зейнет жасына шыққанда, ол 28284 теңгені он жыл бойы алып тұрды делік... Бұл шамамен үш млн теңге болады. Сонда мемлекет осылайша халықты тонап жатыр деп ойлайсыз ба?", - дейді вице-министр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
0
0
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel