RU
Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған белгілі журналистің ісіне жауаптылар 4 жылдан 8 жылға дейін сотталуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған белгілі журналистің ісіне жауаптылар 4 жылдан 8 жылға дейін сотталуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған журналист ісіне қатысты жауаптылар 4 жылдан 8 жылға дейін сотталуы мүмкін деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Айзат Әбдісамат

Айзат Әбдісамат

Ақтөбеде лифтіде көз жұмған тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты сот тыңдалымы басталды. Сотқа айыпталушы ретінде істен шыққан ескі лифтке жауапты "Жәнібек сервис" серіктестігінің басшысы Кенен Жанабек пен техникалық қызмет көрсететін мекеме өкілі Жарылқасын Ақжанов шақырылған.

Елді дүрліктірген қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 306 бап 3 бөлігімен тергеліп жатыр. Қылмыстық кодексте көрсетілген "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" заңнамасында адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттерде жауапкердің 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылатындығы жазылған.

Ал оқиғаға қатысты айыпталушы өзінің кінәсіз екенін айтады.

"Менің еш кінәм жоқ. Ол үйдегі лифтке жөндеу жұмыстарын қалай жүргіземіз, егер үйдің құжаты жоқ болса", - дейді Кенен Жанабеков.
Сот тыңдалымы

Сот тыңдалымы

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2018 жылы 4 сәуір күні тіркелген болатын. Кешкілік есік алдына серуенге шығып, үйіне қайтар жолда лифтке қысылып қалған журналист оқиғасы елді дүр сілкіндірген еді.

28 жастағы Айзат Әбдісамат кірмек болған лифтінің автоматтандырылған қондырығысы істемей қалған. Соның кесірінен шахтаның есігі жабылмастан лифті қозғалып кеткен болатын. Лифті мен шахта қабырғасының арасына кептеліп қалған тележүргізуші қайтыс болды.

Бүгінгі сот тыңдалымында тележурналист өліміне қатысты алғашқы сот отырысының қашан өтетіні белгіленді. 13 тамыз күні 16:50 де Ақтөбе қалалық сотының судьясы Әбдіхалықовтың төрағалық етуімен сот отырысы басталады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
3
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel