RU
Иран шахын өзге әйелдерінен бас тартқызған ерекше көрікті жары туралы не білеміз?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Иран шахын өзге әйелдерінен бас тартқызған ерекше көрікті жары туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Ирандық Фарах Пехлеви - патшайым атанған ерекше көрікті әйел. Бойжеткенге ессіз ғашық болып қалған Иран шахы барлық өзге әйелдерден бас тартып, Фарахпен некесін қияды. Тарихта сұлу да дана әйел күйінде есімі жазылған патшайым туралы қызықты деректерді NUR.KZ порталы 999stories.com сайтына сілтеме жасап назарға ұсынады.

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Иран шахы Мохаммед Реза Пехлеви Фарахты Парижде 1959 жылы жолықтырып, сол жылдың аяғында оған үйленуге бел буады.

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Бұл шахтың үшінші некесі болатын.

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Бұрынғы әйелдері оған ұл сыйлай алмағандықтан, патшайым атануға лайық деп табылмайды.

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарахтың көркіне тәнті болған шах той күнінде болашақ жарына 325 гауһар таспен көмкерілген тәж сыйлайды.

Фарах Пехлевидің тәжі. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлевидің тәжі. Фото: 999stories.com

Фарах үшін бұл қымбат сыйлыққа айналды. Ол тәжді жиі тағып алатын. Бойжеткен шахқа төрт бала сыйлады, оның екеуі ұл бала.

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Бірнеше тіл білетін, көзі ашық әрі көрікті ару елдің ерекше сүйіспеншілігіне бөленеді.

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Әйелдер құқы үшін күрескен патшайымның арқасында елдегі әйелдер бетін бүркеуді доғарып, еуропалық киім кию мүмкіндігіне ие болады.

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Айта кетерлігі, талай ғасырлар бойы елде шахбану (патшайым) атанған ешкім болмаған.

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Бұл атақты иеленген Фарах тағы да мыңдаған гауһар таспен безендірілген қымбат тәжді сыйға алады.

Фарах Пехлевидің тәжі. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлевидің тәжі. Фото: 999stories.com

1979 жылы елде революция болып, шахтың өмірі түбегейлі өзгереді. Ол патшайыммен бірге елден қашуға мәжбүр болған.

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Мохаммед Реза 1980 жылы қайтыс болса, Фарах бүгінде АҚШ-та балаларымен бірге тұрып жатыр.

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах екі баласынан айырылған: қызы Лейла қаза болса, ұлы Әли өзіне қол салған.

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Фарах Пехлеви. Фото: 999stories.com

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
4
1
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel