RU
Қырғызстанда мерт болған Қазақстан азаматы ғалым болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қырғызстанда мерт болған Қазақстан азаматы ғалым болып шықты

Рассказать Вконтакте

ІІМ вице-министрі Юрий Ильин Қырғызстан тауында қаза тапқан азамат пен зардап шеккен тұлғалардың еліміздің қай өңірінен екенін айтты деп хабарлайды Baq.kz агенттініне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Fitness Guide

Көрнекі фото: Fitness Guide

Юрий Ильиннің сөзінше, Қырғызстан тауында тастың құлауынан қаза тапқан Қазақстан азаматы – 1976 жылы туған Алматы тұрғыны екен. Марқұм Алматыдағы ғылыми-зерттеу институттардың бірінде жұмыс істеген.

"Тексеру жұмыстарынан кейін оның денесі жерлеу үшін туыстарына беріледі. Тауға шыққан қалған азаматтардың үшеуі – алматылық, біреуі - өскемендік. Ал ресейліктер – Томск қаласының тұрғындары. Олар бұған дейін де тауға бірнеше рет шыққандықтан кәсіби мамандар деп айтуға болады. Барлығы – ер адамдар. Бұл өте күрделі маршрут болған", - деген вице министр олардың денсаулықтары тексерілгенін атап өтті.
"Қазір ауруханаға жатқызу қажет емес екендігі анықталды. Ресей азаматтарынан оқиға жайлы жауап алынғаннан кейін босатылады. Жауаптар бүгін алынып бітуі тиіс", - дейді Юрий Ильин ТЖК-де өткен брифингте.

Еске сала кетейік, кеше Бішкек маңындағы тауда тас көшкіні болып, қазақстандық туристерді басып қалды. Ауыр тастың астында қалған бір отандасымыз сол жерде жан тапсырса, қалған үшеуінің жарақат алғаны хабарланған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
3
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel