Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорданың 20 жылдығына орай Таразда "Астана – аймақтардың арқауы" атты форум өтті

Опубликовано:

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Тараз қаласындағы "Баласағұн" орталық концерт залында "Астана – аймақтардың арқауы" атты облыстық форумы өтті.

Астана қаласының
Астана қаласының: UGC

Астана - XXI ғасырдағы 10 жыл ішінде бой көтерген жалғыз елорда, ал Қазақстан - екі ғасыр тоғысында жаңа астана салған жалғыз ел. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов өз құттықтау сөзінде Астананың ел өмірінде өзіндік өрнегі қалыптасқан әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық және саяси орталығы ретіндегі қалыптасу жолын атап өтіп, бас қалаға қарап бой түзеген облыстың 20 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық жетістіктеріне тоқталып өтті.

"Бүгінде төрткүл дүниеге тыныштық пен теңдіктің, өркендеу мен өрлеудің үлгісін көрсетіп отырған Астананың 20 жылдық торқалы тойы – мың жылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің бір кезеңі, ұлттық республикамыздың жаңа белесі деп білеміз. Екі ғасырдың өліарасында буынын бекіткен, халықтың көз қуанышына айналған Астана – өзінің мерейлі мерекесіне орасан зор табыстармен келіп отыр.
Өйткені, қысқа ғана 20 жыл ішінде ұлттық культке, мемлекеттік брендке айналған елордамыз – мәңгілік мемлекеттігіміздің, асқақ рухымыздың нышаны!
Сондықтан да, бүгінгі "Астана – аймақтар арқауы" атты форумның мәні мен маңызы бөлек. Өйткені, өркендеу мен дамудың Қазақстандық жолын қалыптастырған еліміздің даму бағдары – Астананың дамуымен тамырлас!", - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі Асқар Мырзахметов Елорданың 20 жылдығына орай бой көтеріп, пайдалануға берілген 20 нысанға, облыс атынан сый ретінде Астана қаласында салынған велосипед жолына тоқталды.

"Бас қаламыздың дүбірлі мерейтойына тарту ретінде Жамбыл облысы атынан Есіл ауданы "Достық" көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін 13 шақырымдай (нақты 12,36) велосипед инфрақұрылымы салынды. Сонымен қатар, веложол бойының екі жағынан облыс атынан монумент ескерткіштер бой көтермек. Осы аптада Астананың 20 жылдығына орай Тараз қаласы мен аудандарда 20 әлеуметтік-экономикалық нысан (бала-бақшалар, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау мекемелері мен өндіріс орындары) пайданалануға берілді.

Бұл Ұлы Дала төсінде орналасқан еңселі Елордамыз – Астана қаласына киелі Әулиеата топырағынан көрсетілген айрықша құрметтің бірі деп білемін", - деп түйіндеді облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745105-elordany-20-zyldygyna-oraj-tarazda-astana-ajmaktardy-arkauy-atty-forum-tti/

pixel