RU
Мемлекеттің бергеніне риза болып зейнетақыдан бас тартқан елші кім?
Жаңалықтар Қоғам

Мемлекеттің бергеніне риза болып зейнетақыдан бас тартқан елші кім?

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова 20 жыл бойы өз зейнетақысын алмаған Қазақстан елшісі туралы айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kapital.kz

Фото: kapital.kz

Вице-министрдің сөзінше, ол адам мемлекеттің бергеніне риза болып, зейнетақы алудан бас тартқан.

"Мен қазір 20 жыл бойы бірде-бір рет зейнетақы тағайындауға жүгінбеген Қазақстанның төтенше елшісін мысалға келтіргім келіп отыр. Ол кісі қазір зейнетте. Ол "мемлекеттің маған бергені соншалық көп, мен зейнетақыға үміткер болғым келмейді, өз-өзімді қамтамасыз етемін" дейді. Бірақ біз оны өтініш жазуға көндіріп, зейнетақы тағайындадық", - дейді Жақыпова.

Еске сала кетейік, бүгін үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында вице-министр "мемлекет халықты тонап жатыр деген" айыптауларға да жауап берген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
4
0
1
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel