RU
Абай ауылында зорланған жігіт оқиғасы: Адвокат сұмдық жайттың бетін ашты
Жаңалықтар Әлемде

Абай ауылында зорланған жігіт оқиғасы: Адвокат сұмдық жайттың бетін ашты

Рассказать Вконтакте

Танымал қазақстандық адвокат Айман Умарова Түркістан облысы Абай ауылында 16 жасында зорланған жігіттің ісіне қатысты пікір білдірді.

Абай ауылында зорланған жігіт оқиғасы: Адвокат сұмдық жайттың бетін ашты

Абай ауылында зорланған жігіт оқиғасы: Адвокат сұмдық жайттың бетін ашты

Бұдан бұрын Түркістан облысы Абай ауылының тұрғыны Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында айтқандай, 16 жасынан бастап үш жыл бойы екі жігіт зорлап келген.

Содан бері алты жыл ішінде бірнеше рет қылмыстық іс қозғалып, айғақ жетіспеушілігіне байланысты істі тоқтатып тастапты. Жас жігіт әділдікке қол жеткізу үшін БАҚ көмегіне жүгінеді.

Құқық қорғаушының сөзіне сүйенсек, жас жігітке қатысты іс – ауыр қылмыс болып саналады, сол себепті 362-бап (қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану) емес, 121-баптың 3-тармағы (кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету) бойынша қаралуы тиіс, оның үстіне ер адамдардың жігітті ұзақ уақыт бопсалауы істі күрделендіре түседі.

"Осының бәрін ескерсек, бұл полицияның тарапынан жасалып отырған әрекетсіздік. Әлбетте, жас жігіт әбден қиналған, әсіресе, ер адамдарға мұндай жайт туралы айту өте ауыр. Әйелдерді зорлағанда үндемедік, кішкентай қыздарды зорлады – үндемедік, енді ер адамдар мен балалар осыған тап болып жатыр, бара-бара зорланғандар елі атанамыз ғой", – деп наразылығын білдірді Умарова Sputnik тілшісіне берген сұхбатында.

Адвокат атап өткендей, жәбірленуші өзін зорлағандардың кінәсін өзі дәлелдеуі тиіс оқиғалар жиі болып тұрады. Мұның бәрі кей тергеушілердің салақтығынан кетіп жатады екен. Тергеушілердің сапасыз жұмысынан кейін қылмыстық іс тоқтатылады.

"Әлгі полицейлер көмектескісі келсе, арызды баяғыда тіркеуге алып, уақыт өткізбей тергеп, сотқа жіберер еді. Жігіттің қолында сынған тісінің суреті бар, сараптаманы айғақ ретінде пайдалануға болады. Диктофонға жазылған әңгіме де мән-жайды айқындай түсіп, сол бойынша сараптама жасап, екеуінің арасында басқа да әңгіме, қоңыраулар болды ма, тексеру қажет еді. Соқталдай жігіттер кәмелеттік жасқа толмаған баламен неге сөйлесіп, кездесіп жүрді? Осыдан кейін үлкен сұрақ туындайды, неге бұл адамдар әлі күнге дейін қамауға алынған жоқ?", – дейді Айман Умарова.

Адвокаттың пікірінше, бұл істе жемқорлық немесе полиция қызметкерлерінің істі тергегісі келмегендігі байқалады. Құқық қорғаушылар дұрыс жұмыс істегенде, сараптама арқылы айғақтарды жинап, 22 жастағы жігітке жәбір көрсеткендердің жазасын беруге болатын еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
4
3
11
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel