RU
Балаларын үйге шақырмақ болған астаналық әйел 12-ші қабаттан құлап кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Балаларын үйге шақырмақ болған астаналық әйел 12-ші қабаттан құлап кетті

Рассказать Вконтакте

Қошқарбаев көшесіндегі "Сенатор" тұрғын үй кешенінің ауласынан жас келіншектің мәйіті табылды. Куәгерлер ол балконнан құлап кеткен болуы мүмкін деп болжап отыр.

Балаларын шақырмақ болған астаналық әйел 12-ші қабаттан құлап кетті

Балаларын шақырмақ болған астаналық әйел 12-ші қабаттан құлап кетті

Sputnik Қазақстан агенттігіне "Сенатор" тұрғын үй кешенінің тұрғындары хабарлағандай, Астананың жиырма алты жастағы тұрғыны балаларына айқайламақ болғанда 12-ші қабаттағы балконнан құлап кеткен.

"Асфальтте жатқан мәйітке мас әйел екен деп ұзақ уақыт ешкім жақындамаған", — деді Sputnik-ке сұхбат беруші.

Көршілері марқұм сол жерде жан тапсырғанын, артында үш баласы қалғанын хабарлады.

Астана ішкі істер департаментінің қызметкерлері Sputnik-ке аталған оқиға бойынша полицейлер жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Қазіргі таңда трагедияның жай-жапсары анықталып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
13
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel