RU
Келіннің бетін домбырасыз ашқан асаба елден сөз естіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Келіннің бетін домбырасыз ашқан асаба елден сөз естіп қалды

Рассказать Вконтакте

Заман ағымы өзгерген сайын қазақ тойларындағы әдет-ғұрыптар да түрліше бағыт алып келеді. Оған желіге күн сайын лек-легімен жарияланатын суреттер мен видеолар дәлел бола алады.

Солардың ішінде жаңа түскен келіннің бетін домбырасыз-ақ эстрадалық бағытта ашып тұрған асабаның әрекеті желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Той тізгінін ұстаған жігіттің бұл қылығын теріске шығарған жұртшылық оны "салт-дәстүрді бұзып, киелі домбыраны менсінбеді" деп айыптаған.

Сондай-ақ, видеоға пікір білдірушілер арасында бұл "әдет" біраз жыл бұрын қалыптасқанын айтып, шу шығарудың қажеті жоқ екенін алға тартқандар да болды.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
1
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel