Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мексикада жермен-жексен болған ұшақтың 97 жолаушысы дін аман қалды (фото)

Опубликовано:

Мексикадағы Виктория-де-Дуранго қаласындағы әуежайдан ұшып шыққан ұшақ апатқа ұшырады. Абырой болғанда, штат губернаторы Хосе Росас Аиспуроның айтуынша, жолаушылардың барлығы дін аман.

В Мексике при взлете разбился пассажирский самолет: все выжили
Фото: CPCE/EPA: UGC

Жергілікті БАҚ журналистерінің хабарлауынша, жолаушылардың көп бөлігі ұшақ салонынан өз бетінше шыққан.

Мексика денсаулық сақтау министрлігінің алдын ала болжамы бойынша, 85 адам жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы жуық маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

Бортында 97 жолаушысы мен экипаждың 4 мүшесі бар Embraer E90 ұшағы AM2431 бағыты бойынша "Хенераль Гвадалупе Виктория" әуежайынан ел астанасы Мехикоға қарай бет алған.

Әуежайдың OMA Aeropuertos оператор компаниясының мәлімдеуінше, апатқа ауа райының қолайсыздығы әсер етуі мүмкін.

Ұшақ ұшу-қону жолағынан әуеге көтеріле сала апатқа ұшыраған. Апат болған жерден түсірілген суреттерге қарағанда, құлаған ұшақ өртке орануы әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1745141-meksikada-zermen-zeksen-bolgan-sakty-97-zolausysy-din-aman-kaldy-foto/

pixel