RU
Қатардағы сарбаз сот залында өзін-өзі атып тастады
Жаңалықтар Әлемде

Қатардағы сарбаз сот залында өзін-өзі атып тастады

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының Ленин аудандық сот залында қатардағы жауынгер табельді қарумен өзін шүйдесінен атып, жан тапсырған. Бұл туралы Жазаны орындау мемлекеттік қызметіне сілтеме жасаған Орталық Азияның жаңалықтары қызметі хабарлайды.

Көрнекі фото: ndn.info

Көрнекі фото: ndn.info

Қызмет мәліметі бойынша, оқиға 31 шілде күні шамамен сағат 15.43-те болған.

Түзеу мекемелерін күзету және айдауыл жөніндегі департаментте қызмет ететін 1999 жылы туған сарбаз жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы мен Бішкек гарнизоны әскери прокуратурасының қызметкерлері келді.

Өзін өлтірген сарбаз 2018 жылы көктемде әскер қатарына алынған. Оның мұндай қадамға не себепті барғаны айтылмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel