RU
Сауд Арабиясында ел алдында сүйіктісінің бетінен сүйген жігітті қамауға алды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сауд Арабиясында ел алдында сүйіктісінің бетінен сүйген жігітті қамауға алды

Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясындағы Джасан провинциясының губернаторы Snapchat желісіне "әдепсіз" видео салған жұпты қамауға алу туралы бұйрық берді. Жас жігіт сүйіктісін жай ғана бетінен сүйіп, оны желіге салғаны үшін айыпталған деп хабарлайды Вести.ru.

Сауд арабия

Сауд арабия

Видеодан Сауд Арабиясының азаматы қара жамылған сүйіктісінің бетінен сүйгенін көруге болады. Жігіт енді ғана көлік жүргізуді үйренген қыздың жетістігіне қуанған болуы мүмкін. Себебі Арабияның қыздары көлік жүргізу құқығына тек осы жылдың маусым айында ғана ие болған еді.

Жергілікті заңдар бойынша, үйленбеген жұпқа бетінен сүймек түгілі, тіпті бірге қалуға да болмайды. Егер видеодағы жұптың ресми түрде ерлі-зайыпты емес екені белгілі болса, онда оларды қамауға алынуы әбден мүмкін.

Бір қызығы, бұл жұптың қамауға алынғанын қолдағандар саны көп болды. Олардың айтуынша, жастардың әрекеті - әдепсіздік.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel