RU
Мәскеуде өзбек және қырғыз азаматтары қырқысып, бір адам ажал құшты
Жаңалықтар Әлемде

Мәскеуде өзбек және қырғыз азаматтары қырқысып, бір адам ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Қырғызстан елшілігі 30 шілдеде Мәскеудің Вертолетчиков көшесінде, құрылыс жүріп жатқан нысанда Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары төбелескенін мәлімдеген. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: meme-arsenal.com

Көрнекі фото: meme-arsenal.com

Басылымының мәліметінше, алдын ала сот сараптамасының ақпараты бойынша, бір қырғызстандық қаза тапқан. Ол төбелес кезінде биік қабаттан құлаған.

Ресейдің тергеу комитеті қырғыз азаматының өліміне байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Төбелеске қатысқан төрт қырғыз азаматы мен оншақты өзбек азаматы ұсталған.

Төбелес кезінде қаза тапқан қырғыз азаматының денесін бүгін Қырғызстанға жібермек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
4
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel