RU
Қарағандыда екі көзі көрмейтін жарымжан ер адамды жақындары көшеге тастап кетті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда екі көзі көрмейтін жарымжан ер адамды жақындары көшеге тастап кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Қарағандылық еріктілер құжат пен киімсіз далада тастап кеткен мүгедек жанның жақындарын іздеп жатыр. Жетім баладай көшеге жалғыз өзін тастап кеткен жарымжан тіпті өздігінен тамақтана да алмайды деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қарағандыда екі көзі көрмейтін жарымжан ер адамды жақындары көшеге тастап кетті (видео)

Коллаж NUR.KZ

Бір жарым ай бұрын Теміртаудың қайта әлеуметтендіру бөліміне түскен дімкәс азаматтың қолында «Виталик, жасы 47-де» деген екі ақ ауыз сөз жазылған парақ болған. Жүріп-тұруы былай тұрсын, тамақ та іше алмайтын азаматты бағып отырған мамандар жарымжан жанды жақындарының өзі тастап кетті деп болжап отыр.

Туа бітті Даун синдромына шалдыққан Виталийді қайта әлеуметтендіру мекемесіндегілер «тастанды бала» деп атап кеткен. «Өйткені 47 жастағы азаматтың жетімдерден еш айырмашылығы жоқ» дейді. Маусымның 18 күні мінезінде ауытқушылығы бар жанды әлдекімдер қолына бір пакет ұстатып далаға қалдыра салған. Іш киімі және аты мен жасы жазылған бір жапырақ қағаздан басқа құжаттар болмапты.

"Бұл кісінің туыстары бар ғой. Үкіметтен бөлінген жәрдемақысын біреулер алып жатыр ғой. Сол себепті құжаттары болса. Аты-жөні болу керек қой бұл кісінің", - дейді Теміртау қаласының «Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» КММ мейірбикесі Лаура Әбдірасилова.

Өздігінен жүре алмай, қос жанарынан айырылған Виталийді бір жарым айдан бері бағып отырған мамандар азаматтың жақындарының барына сенімді. Қайта әлеуметтендіру орталығының қызметкерлері, тым құрығанда, құжаттары табылса екен деп тілейді. Себебі арқасы бүкір, денесінде жарақаттары бар жан дәрігерлердің бақылауын қажет етеді дейді.

"Бізде медициналық көмек көрсетуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Біз тек оған тамақ беріп, жуындырып, далаға шығара аламыз. Ал дәрігерлердің ңұсқауынсыз оған ешқандай ем-шара жүргізе алмаймыз", - дейді аталған орталықтың директоры Наталья Занкина.

«Қайта әлеуметтендіру орталығының» басшылығы 47 жастағы Виталийдің құжаты табылмаса, бір жарым жыл ғана көмек көрсете аламыз деп отыр. Ал одан кейінгі тағдыры не болары белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel