Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында кен орнында болған қақтығыс салдарынан бір адам қайтыс болды (видео)

Опубликовано:

Ақмола облысындағы "ҚазақАлтын" тау-металлургия концернінің Жолымбет кен орнында болған төбелестің салдарынан күзет қызметкері қайтыс болды деп хабарлайды BNews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақмола облысындағы кен орнында болған қақтығыс салдарынан бір адам қайтыс болды (видео)
Фото: Асель Турар/Bnews.kz: UGC

Басылымның жазуынша, кен орнында жұмыс істейтін заңсыз алтын іздеушілердің бірі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға 27 шілде күні орын Ақмола облысы Шортанды ауданындағы "Қазақалтын" концернінің Жолымбет кен орны аумағында орын алған. Олардың айтуынша, бір топ заңсыз алтын іздеуші кен орнының күзет қызметкеріне 300 мың теңге беріп, таңға жуық шахтаға түспек болған.

"Кен орнында заңсыз бизнестің дәуірі жүріп тұр. Біз күзетшіге ақша береміз, олар бізді аумаққа кіргізіп, шахтаға қалай түсу керектігін көрсетеді. Яғни, бұл жағдай үнемі қайталанады", - дейді Бауыржан Жұмағұлов.

Алайда бұл жолы оларды күзет қызметкері жібермей қойғанын айтты.

"Көлік шақыртып қойғандарын айтып біздің кетуімізді сұрады. Ақша төлеген соң, біз олармен дауласа бастадық. Осы уақытта бұрылыстан "УАЗ" көлігі шыға келді. Ол кенеттен жылдамдықты көтеріп, біз тұрған жаққа қарай ұшып келе жатты. 11 адам, оның ішінде күзет қызметкерлері де болды. Біз қаша жөнелдік. Екі адам зардап шекті, бірінің қолы сынып қазір үйінде, екіншісі Ұлықбек Шантасов. Осы сәтте ана көлік қайта бұрылып, бізге қарай қайта жүрді. Сөйтіп Ұлықбекті тағы да таптап өтті. Содан кейін күзетшілердің шақырған 50 адамы да келіп, аумақтың сыртына апарып, бізді ұрып-соға бастады", - дейді Жұмағұлов.

Не болғанын түсінген кен орнының күзетшілері Ұлықбекті ауруханаға апармау үшін, оны бермей қойған.

"Біз олардан оны бізге беріңдер, өліп кетуі мүмкін деп жалындық. Күзетшілер бізге ештеңе айтпай, оны жай ғана шахтаға құлап кетті деп айтуымызды сұрады. Полицей қызметкерлерімен өздеріміз келісеміз деді. Біз оларға уәде беріп, Ұлықбекті алып кеттік", - дейді Бауыржан Жұмағұлов.

Ұлықбек Шантасов Шортанды аудандық ауруханасына кома жағдайында жеткізілген. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр.

Ал "ҚазақАлтын" бұл жайтты "кен орнына құрамында алтыны бар материалдарды ұрлау мақсатымен заңсыз басып кіру" деп бағалап отыр. Ал күзетшілердің бұл үшін арнайы ақы алатынына қатысты концерн өкілдері пікір білдірмеді.

"Қосымша көмек келгенде белгісіз адамдар УАЗ көлігіне тас лақтырып, ондағы адамдарды соққыға жығып, тегіс ұңғылы қарумен өлтіреміз деп қорқытқан. Өзі мен көліктегілердің өмірін сақтап қалу үшін УАЗ көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан кетпек болған. Алайда шабуыл жасаушылар шағылған көлік әйнегі арқылы рөлге жармасып, ол тізгінге ие бола алмай қалған. Қаскөйлердің бірін қағып кетуге осы жайт себеп болған", - делінген концерннің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Болған жайт қазіргі таңда полицейлердің қарауында.

"ҚазақАлтын" концерні аумағына басып кірген бір топ жас жігіттің әрекетіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 2-тармағы 293-бабы, "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалған. Ал қызметтік көлікпен қақтығыс қатысушысының бірін қаққан күзет фирмасының өкіліне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук.

Сонымен бірге, басылымның жазуынша, Жолымбет кен орнында қайтыс болған адам бар.

Бұл туралы концерннің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қызметтік міндеттерін орындау кезінде "Азия Қорғау" ЖШС қызметкері қайтыс болғанын аса өкінішпен хабарлаймыз", - делінген концерн хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745168-akmola-oblysynda-ken-ornynda-bolgan-kaktygys-saldarynan-bir-adam-kajtys-boldy-video/

pixel