RU
Африкада ресейлік үш журналисті өлтіріп кетті
Жаңалықтар Әлемде

Африкада ресейлік үш журналисті өлтіріп кетті

Рассказать Вконтакте

Африкада ресейлік үш журналисті өлтіріп кетті. Табылған денелердің Ресей азаматтары екенін AFP агенттігі анықтаған. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Орхан Джемаль. Фото: РИА Новости

Орхан Джемаль. Фото: РИА Новости

Оңтүстік Африка Республикасындағы Ресей елшілігінің мәліметінше, марқұмдардың денесі табылған жерде ресейлік "Известия" басылымының екі баспасөз картасы болған.

Алайда, елшілік дәл ресейліктердің қаза болғанын ресми түрде хабарлаған жоқ. Себебі, оқиға орнында тек олардың төлқұжаттары ғана болған екен.

"Дождь" телеарнасының мәліметі бойынша, Оңтүстік Африка Республикасында қаза тапқан марқұмдар журналист Орхан Джемаль, режиссер Александр Расторгуев және Кирилл Радченко екен.

Бұл ақпаратты Оңтүстік Африка еліндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдігі де растапты. Олардың сөзінше, журналистер Бомбари қаласына беттеген екен. Марқұмдардың тағдыры ары қарай қалай өрбігені белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel