RU
Ғалымдар Жерде бұрын-соңды болмаған аптап ыстық болатынын айтып, дабыл-қақты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ғалымдар Жерде бұрын-соңды болмаған аптап ыстық болатынын айтып, дабыл-қақты

Рассказать Вконтакте

Мельбурндағы Монаша университетінің ғалымдары 2080 жылға дейін Жерде бұрын-соңды болмаған аптап ыстық болатынын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аптап ыстық. Көрнекі фото: Фишки

Аптап ыстық. Көрнекі фото: Фишки

Аптап ыстықтан қаза болғандар саны бес есеге көбейетінін болжаған зерттеушілер 2031-2080 жылдары аптап ыстықтан қанша адам жан тәсілім етуі мүмкін екенін санап шықты.

Олар табиғат құбылысынан Австралия, Үндістан, Греция, Жапония және Канада елдері бірінші кезекте зардап шегетінін алға тартуда.

Сол үшін Жердің орташа температурасын 1,5 градустан артық қыздырмауға кеңес берген ғалымдар атмосфераны ластауды доғару керектігін ескертті.

"Егер бұл кеңеске әлем жұртшылығы құлақ түрмесе жаһандық жылыну салдарынан 2100 жылы бірталай аралдарды топан су басады", - дейді ғалымдар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
3
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel