RU
Улы жылан екі рет шаққан балақай ғажайыптың күшімен аман қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Улы жылан екі рет шаққан балақай ғажайыптың күшімен аман қалды

Рассказать Вконтакте

Батыс Австралия штаты Уонган Хиллз қаласында улы жылан екі рет шаққан балақай ғажайыптың күшімен аман қалды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Sciencentre.qm.qld.gov.au

Фото: Sciencentre.qm.qld.gov.au

Аулада ойнап жүрген Джоэль Кэннингті улы жылан шағып алған. Ол анасынан жылан шағуы туралы сұрап жатқанда есінен танып қалыпты.

Ата-анасы баланы бірден ауруханаға апарған. Дәрігерлер балаға уға қарсы дәрі беріп, үйіне қайтарыпты.

Сегіз күннен кейін оқиға қайталанған. Уға қарсы қабылдаған дәрісі баланы сол кезде де аман сақтап қалған екен. Ата-анасы баласының жылан уынан екі рет аман қалғанына қуанып отыр.

Екі жағдайда да Джоэльді австралиялық улы жылан шағыпты. Олар бір жарым метрге дейін өсетін улы жылан түрлері болып табылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel