RU
Шахизада өзін қорлаған бірнеше еркектің ортасынан қалай сытылып шыққанын айтып берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Шахизада өзін қорлаған бірнеше еркектің ортасынан қалай сытылып шыққанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал әнші Шахизада өнер адамдарының басынан өтетін небір сұмдық жайттар туралы айтты. Айтуынша, оны тіпті танымал ел ағаларының бірі бірнеше еркекке "сатып жіберіп", қатты ренжіткен. Бұл туралы әнші Oybay Life бағдарламасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Менің өмірімде қауіпті жағдайлар өте көп болды. Астанада үлкен бір жақсы ағамыздың тойы болды. Сонда ән айттым. Астанадан Алматыға ұшайын деп тұрғанда белгілі актер, елге танымал ағамыз маған телефон шалып, Алматыда өтетін бір тойға шақырды", - дейді әнші.

Айтуынша, ол қанша барғысы келмегенімен, актер оны қояр да қоймай тойға алып барған. Той аяқталған соң, ол өзін не мақсатпен шақырғанын біліп, жағасын ұстайды.

Шахизада өзін бір бөлмеге арнайы апарып, онда бірнеше ер адамның ортасына тап болғанын айтады. Елдің сүйікті әншісі бұл тығырықтан қалай сытылып шыққанын NUR.KZ порталының Oybay Life бағдарламасынан көре аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
2
2
1
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel