Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дениске "халық қаһарманы" атағын беруге қоғам белсендісі қарсы шықты

Опубликовано:

19 маусым күні кісі қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге көпшілік "халық қаһарманы" атағын беруді ұсынған болатын. Алайда бұл пікірге қоғамда қарсы шыққан адамдар да табылып жатыр. Түрік жігітімен көлікте отырған аруды ұрып, видеоға түсірген Жәнібек Иманмәзір өзінің қарсылығын жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Тен, Жәнібек Иманмәзір. Фото-коллаж:NUR.KZ
Денис Тен, Жәнібек Иманмәзір. Фото-коллаж:NUR.KZ: UGC

Қоғам белсендісі спортшыға мұндай атақ беруге, "Халық аренаны" Денистің атымен атауға қарсы екенін білдірді.

"Қаһарман деген не екенін білмейтін шала сауаттылар мен жағымпаздар Дениске "Қаһарман" атағын берейік дейді. Сосын "Медеу" мұз айдыны мен спорт аренаның атын Денис деп қояйық дейді. Айналайындар-ау, "Медеудің" өзінің аты бар. Сондықтан жиіркенішті жағымпаздардың Медеуде шаруасы болмасын.

"Коньки" деген қазақтың қанында да, салтында да мүлдем жоқ спорт түрі. Сондықтан коньки тебу қазақтың сүйікті спортына мүлдем жатпайтындықтан, қазақ бұған "халық қаһарманы" деген атақ беруге мүлдем келмейді", деп сөзін аяқтады Жәнібек Иманмәзір Facebook парақшасында.

Фото: Жәнібек Иманмәзірдің Facebook парақшасынан алынды
Фото: Жәнібек Иманмәзірдің Facebook парақшасынан алынды: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745191-deniske-halyk-kaarmany-atagyn-beruge-kogam-belsendisi-karsy-sykty/

pixel