RU
Шахизада өзінің әнін рұқсатсыз айтқан Ерке Есмахан туралы ашық айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Шахизада өзінің әнін рұқсатсыз айтқан Ерке Есмахан туралы ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Шахизада отандық жас әншілердің әрекетіне наразылығын білдіріп, ренішін жеткізді. Айтуынша, оның орындауындағы әндерді ешқандай рұқсатсыз өздеріне меншіктеп алып, орындайтын әншілердің қатары көбейген. Соларды бірі - Ерке Есмахан, дейді ол. Әнші жас әншілерге айтар уәжін NUR.KZ порталының Oybay Life бағдарламасы арқылы жеткізді.

"Кейбір әншілер сұрамай-ақ әэфирге шығып айтып жатыр. Мен ол әнді шығарған мен ғой, клип түсіріп, қанша жұмыс істеп, ақша төлеп деген сияқты. Мысалы, менің орындауымдағы Гүлнәр Дәукенованың әнін "Сазды сәлем" бағдарламасында Ерке айтып шыққанда біртүрлі болып қалдым. Бұл менің өмірлік әнім еді. Мейлі енді автордан сұраса сұрасын, бірақ енді оны менің орындауымда естіп жүрді ғой", - дейді ол.

Бағдарламаның толық нұсқасын NUR.KZ порталының Oybay Life бағдарламасынан көре аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
1
1
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel