RU
Мұхамеджан Тазабек қарындасына күйеуі жігітті өзі таңдап бергенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Мұхамеджан Тазабек қарындасына күйеуі жігітті өзі таңдап бергенін айтты

Рассказать Вконтакте

"Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабек бойжеткендердің намысы тапталып, алданып қалмауы үшін міндетті түрде дұрыс бағытталған әкелік немесе ағалық ықпалдың болуы шарт екенін алға тартты. Соны ескерген ол қарындасына күйеуді өзі тауып бергенін айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: today.kz

Фото: today.kz

"Одан жаман болып отырған жоқ. Төрт-бес баланың анасы болып отыр. Күйеу балам да, қарындасым да риза. Одан алдыңғы үлкен қарындасыма тауып бермесем де босаға аттарда ағасы боп араластым"-дейді Мұхамеджан Тазабек.

Оның пайымдауынша, қыз баланың болашағына үйдегі ер адамдар жауапты. Оған қоса, Мұхамеджан Тазабек соңғы кездері қыздар тәрбиесінің күрделі мәселеге айналып отырғанын алға тартты. Ол намысы тапталып жүрген қыз балаларға тиісті әкелік және ағалық ықпалдын болмағанын да айтты.

"Қыз тəрбиесінде əке мен ағаның ролі өте жоғары. Қыз еркелеп өседі. Қыз бала оң босағада, оң тізеде отырады. Сондықтан да бейқам отырады. Оның сыртқы əлемге, қоғамдағы көптеген жамандықтарға иммунитеті əлсіз болады.
Сондықтан қашан өзін аманат деп арқалап алатын күйеуінің оң босағасын аттағанға дейін оның қауіпсіздігі, рухани қауіпсіздігі əкесі мен ағасының мойнында болуы керек. Тіптен оның қандай жігітпен танысып, қандай адамның қамқорлығына кетіп бара жатқандығына да араласуы керек негізінде.
Ол дəстүр енді енді оралып жатыр. Қыздың жарын өзі таңдап кетуі қыздың мықтылығынан емес, ол əкенің, ағаның əлсіздігінен деп есептелінеді. Ағасы мен əкесі араласып, лайықты дəрежеде жолын ашып, оны еркектік витаминдермен қамтамасыз ете алмағандықтан қыз бала өзін қоғамға тастайды.
Сөйтіп өзінің тағдырынан тауып жатады. Сондықтан қыз бала үшін, əкенің, ағаның, інінің, бауырдың орны ерекше болған, бола да береді"-дейді ол.

Мұхамеджан Тазабектен өз қыздарына да күйеуді таңдап бермек ойы бар екенін сұрағанда ол қыздарының енді бойжетіп жатқандығын айтты.

Сондай-ақ өз идеясы бойынша түсірілген "Шабдалы" фильмін ел арасында таныстырып жүрген Мұхамеджан Тазабек кинотуындыда отбасындағы қайын ата ролін де тиек еткенін атап өтті.

"Мына кинода да əкенің абройын "ол құрметті кісі" деп келіннің аузымен айтқызып отырмыз. Себебі, келін үшін қайын ата абыройлы кісі болуы керек. Сыртынан күліп, прикол қылып отыратын тұлға болмауы керек ешуақытта.
Сыртынан сөйлемек түгілі, ол кісі кіріп келгенде сəл де болса именетіндей үлкен абыройдың иесі болуы керек. Табиғи түрде осылай қалыптасуы керек, қолмен жасалынбайды.
Атақты адам жасай алады, абыройды Алла бермесе, адам қолдан жасай алмайды. Сондықтан да қазіргі уақытта қыз балаларға əкенің, арқа сүйер ағаның, бауырдың орыны жетпей жатыр. Жетпегендіктен қыздарымыз көп жылап жатыр, жаттың етегінен ұстап, бөтеннің төсегінен табылып жатыр." , - деп қорытындылады Мұхамеджан Тазабек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
4
0
8
67
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel