RU
Түркістан облысында танымал кәсіпкер туған ауылына wi-fi бар жарықшамдар орнатып берді
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында танымал кәсіпкер туған ауылына wi-fi бар жарықшамдар орнатып берді

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында танымал кәсіпкер туған ауылына wi-fi таратып, ұялы телефон қуаттайтын жарықшамдар орнатып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданынан шыққан кәсікер Оралбек Ботбай өзі туып өскен Борлысай ауылдық округіне бұрын соңды болмаған жарықшамдар орнатты.

Ақылды жарықшамдардың ерекшелігі әрбір баған бір мезетте 14 функцияны жүзеге асыра алады. Соның ішінде баған арқылы кез-келген адам ұялы телефонын қуаттайды.

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тіпті энергия қуатын үнемдейтін жарықшамдар wi-fi жүйесін де таратуға қауқарлы. Онымен қоса көшедегі қозғалысты бейнебақылауға түсіре алады. Ал жарық тарату жүйесі күн райына қарай автоматты түрде өзгеріп отырады.

Кәсіпкер азамат бұл игі іске 245 млн теңге қаржысын жұмсаған. Бұл қаржыға үш ауылдың бойын жалғайтын ұзындығы 14 шақырымнан астам жолға шамдары бар 438 бағана орнатылған.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
28
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel