RU
Алматылық жігіт көлігінің астына секірген бойжеткенге қарсы арыз түсірмек (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық жігіт көлігінің астына секірген бойжеткенге қарсы арыз түсірмек (видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырманы редакциямызға хабарласып өзі түскен жол апатының видеосын жіберді. Бейнежазбада ол жаяу жүргіншілер жолымен қызыл түске өтіп бара жатып, кенеттен артқа қарай жүгірген бойжеткенді қаққаны көрініс тапты. Ер адам тағайындалған сараптамалық коммисияның шешімі бойынша оған кінә артып қоюуы мүмкін екенін айтуда.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Бейнежазбада бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жарты жолға дейін жеткен жаяу жүргінші көрініс тапты. Жолдың қақа ортасына келе бергенде ол кенеттен артқа шегініп жүгіре жөнелді.

Осы сәтте жасыл түске келе жатқан мопед тоқтап үлгермей, артқа ала қашқан қызды қағып кетті. Алайда, оқиғаға қатысты арнайы тексеріс жасаған маман жүргізушінің жол апатын болдырмаудың амалдарын жасауға болғаны туралы шешімге келген.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

"Түсінсем бұйырмасын, қалайша мемлекеттік құжатқа жүргізуші көріпкел болу керек дегенді жазуға болады? Мен ол қыздың аяқ асты артқа қарай жүгіретінін қайдан білдім? Жол апатының бейнежазбасын жүктеуден басқа амалым қалмады", - деп жазды жүргізуші.

Оқиғада қызбен қоса жүргізуші де зардап шеккен. Ол бас-ми және көз жарақатын алып, төрт тісінен айырылған. Енді денсаулығын қалыпқа келтіру үшін ер адам қыруар қаржы жұмсауға мәжбүр.

Алайда, маман оқиғаға қатысты сараптамалық тексерісі кезінде бұл алынған жарақаттарды мүлде ескермеген.

Одан қандай да бір пікір алмақ болғанымызда, оның орнына тұтқаны әйелі көтеріп күйеуінің қолы бос емес екенін айтты. Ал істің мән-жайын білгенде ол жолдасының 70 жаста болғандықтан мұндай сараптамалық тексерісті жасай алмайтыны тәралы мәлімдеді.

Мопед жүргізушісі енді жол апатына қатысы бар бойжеткенге қарсы арыз түсірмек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
3
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel