RU
Некеге дейін жыныстық қатынасқа түсіп қойған жұпты тұрғындар нәжіске шомылдырды
Жаңалықтар Әлемде

Некеге дейін жыныстық қатынасқа түсіп қойған жұпты тұрғындар нәжіске шомылдырды

Рассказать Вконтакте

Индонезияның Ачех штатында шариғат заңы бойынша некеге дейін жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынған. Бұл тыйымды бұзып қойған жұпты тұрғындар нәжіс суына шомылдырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы islamnews.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Лангса қаласында болған. Видеода ер азамат пен әйелдің үстіне өзгелер нәжіс аралас су құйып жатқаны байқалады.

Белгілі болғандай, оларды мұндай жазаға некелерін қимай тұрып жыныстық қатынасқа түскендері үшін тартыпты.

Жұп кейін некелерін қидырғанын дәлелдейтін қағазды көрсеткенімен, тұрғындар оларды кешіре қоймады.

Егер көрсеткен неке қағаздары жалған болып шықса, жұпты көптің көзінше таяқпен сабамақ.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
7
3
2
18
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel