Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішімдіктің ел білмейтін қаупі анықталды

Опубликовано:

Ішімдіктің ел білмейтін қаупі бар болып шықты. Сиднейдегі Маккуори университетінің ғалымдары осындай шешімге келген. Олардың айтуынша, бала емізетін әйелдердің ішімдік ішуі нәресте миының дамуын тежейді. Бұл туралы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ru.oxu.az
Фото: ru.oxu.az: UGC

2004 жылы басталған зерттеуге 5000-нан аса ана мен бала қатысқан. 10 жылдан аса уақыт зерттелген тәжірибеде бала емізетін әйелдердің ішімдік ішуі тексеріліп отырыпты. Ал баланың ақыл-ойының дамуы екі жыл сайын бақыланған екен.

Нәтиже бойынша, ішімдік ана сүтінің құрамын өзгертіп, дәрумендер санын азайтатыны анықталған. Сондай-ақ, ол баланың ақыл-ойының дамуын тежеп, ұйқы жиілігін өзгертіп жіберетіні дәлелденіпті..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1745228-isimdikti-el-bilmejtin-kaupi-anyktaldy/

pixel