RU
Шымкентте пойыз күтіп, вокзалда түнегендер жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте пойыз күтіп, вокзалда түнегендер жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Шымкентте пойыз күткен жолаушылар теміржол вокзалында түнеуге мәжбүр болған. Бұл қиын жағдайды вокзалдағы сатушылар да пайдаға жаратыпты деп хабарлайды otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

Жамбыл облысындағы пойыздың рельстен шығуына байланысты кейінге қалдырылған Шымкент-Астана бағытындағы пойызды жолаушылар түнімен күткен. "Шымкент" бекеті қызметкерлерінен нақты жауап ала алмаған олар үйге қайтпай, вокзалда түнеуге мәжбүр болыпты.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

Халықтың басына түскен қиын жағдайды вокзалдағы сатушылар да пайдаланып кетіпті. Дәл сол уақытта олар ауыз суды екі есе қымбат бағаға сатқан көрінеді. Ал жылдам дайындалатын "Доширак" кеспесі 400 теңгеге қымбаттап кетіпті.

Бұл түні нанның бағасы аспанға шарықтап, дәретхана да ақылы жұмыс істеген екен. Тек Шымкент бекетінің басшысы келген кезде ғана дәретханаға кіру тегін болыпты.

Жолаушылар тек күту залында ғана емес, аулада тұрған орындықтарда да ұйықтаған. Ал "ана мен бала" залында тек 10 адам ғана түней алған екен.

Пойыз туралы еш мәлімет ала алмаған жолаушылар ақырында жедел желіге хабарласып, жолға тек 1 тамыз күні сағат 16:00-де шығатындарын естіпті.

Вокзалдағы жолаушылардың тек 150-і ғана билеттерінің ақшасын қайтарып ала алған екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel