RU
Тоғыз жасар қызға үйленіп алған ер адам оны өлтіріп тастады
Жаңалықтар Әлемде

Тоғыз жасар қызға үйленіп алған ер адам оны өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Ауғанстанда ер азамат екі жыл бұрын отасқан тоғыз жасар әйелін өтіріп тастады. Ол өзінен 26 жас кіші жарын қылқындырып қашып кеткен деп жазады news.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: news.ru

Фото: news.ru

Бағдис провинциясының тұрғыны өзінің тоғыз жасар әйелін қылқындырып өлтірді. Ерлі-зайыптылардың арасындағы орын алған келіспеушіліктің арты кішкентай қыздың өлімімен аяқталды.

Марқұм қыз ер адамның екінші әйелі болған. 35 жастағы азамат тоғыз жасар қызды оның әкесінен сыйға алғаны анықталды. Екі ер адам арасында дау туындап, нәтижесінде кішкентай қыз өзінен әлдеқайда үлкен азаматтың әйелі болуға мәжбүрленген.

Айта кетейік, Ауғанстанда кәмелетке толмаған қыздардың тұрмысқа шығуы заңмен тыйым салынса да, әлі де тоқталар емес.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
7
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel