RU
Мәйіттің көзін ұрлап кеткендер жұрттың зәресін ұшырды
Жаңалықтар Әлемде

Мәйіттің көзін ұрлап кеткендер жұрттың зәресін ұшырды

Рассказать Вконтакте

Мысыр астанасы Каирде адам шошырлық тонау болды. Ұрылар марқұмның көзін ойып, ұрлап әкеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәйітхана. Көрнекі фото: Fast2exit

Мәйітхана. Көрнекі фото: Fast2exit

Белгісіз біреулер мәйіттің көзін ұрлап әкеткенін марқұмның туған ағасы байқаған. Ол бұл жайтқа емхана қызметкерлерін кінәлап отыр.

Мәйітханада жатқан марқұмның денесін алып кетуге келген азамат оның көзі ұрланғанын түсінгенде, қатты қиналған.

"Емхана басшылығы оның қазасы туралы таңертең хабарлады. Мәйітханаға кіріп келгенде оның көзін біреу ойып әкеткенін байқадым", - дейді Абдутваттаб.

Емхана болса, бұл жайт туралы мүлде хабарсыз екенін алға тартуда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
6
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel