RU
Дәрежесі көтерілген Шымкентте қарапайым жұмысшылар жалақыға жарымай жүр
Жаңалықтар Қоғам

Дәрежесі көтерілген Шымкентте қарапайым жұмысшылар жалақыға жарымай жүр

Рассказать Вконтакте

Шымкентте қоғамдық жұмысқа тартылғандар жалақысыз қалды. Айлықсыз қалған жұмысшылардың дені әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан азаматтар. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

рыурвр

Көрнекі фото

Бір айлықпен күн көріп жүрген қоғамдық жұмысшылар қазір қаражатсыз қалды. Солардың бірі - Елена Разарвина.

Балалар үйінен шыққан азаматшаның қосымша табыс көзі жоқ. Күнделікті көшені қоқыстан тазалап, айына 37 мың теңге жалақы алады.

Мардымсыз жалақының өзі қазір кешігіп жатыр дейді Елена.

"Кешіктірген айлығымызды тамыз айында береді деді. Ал кеше қазан айында береміз деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Айына мен 37200 теңге қолға аламын, ал келісім шарта 59500 теңге деп деп көрсетілген. 37000 теңгеге қалай күн көреміз. Оның өзін кешіктіріп, бермей жатыр", - дейді жалақысын ал алмай жүрген Елена.

Жалпы алғанда, Шымкентте қоғамдық жұмысқа 900-ден аса азамат тартылған. Олардың барлығы қазір жалақысыз жүр. Жергілікті билік өкілдері болса, бұл проблеманы қаланың статусының өзгеруімен байланыстырады.

Нақтырақ айтқанда, Шымшаһарды республикалық маңызы бар қала қатарына енгізу үшін қазір құжаттарды заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құжаттарды тіркеу жұмыстары реттелген соң, жұмысшылардың кешіктірілген еңбекақысы жақын арада беріледі дейді жауаптылар.

"Дүйсенбі күнге дейін бұл проблеманы шешеміз. Қазір қаланы республикалық статусқа ауыстыру үшін барлық мекемелерде құжаттарды реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тіркеу жұмыстары біткен соң, алтыншы тамыз күні айлықтарын береміз", - дейді қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
4
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel