Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

500 теңгеге тоясыз: Байбектің құрметіне қойылған көше жұртты шулатты

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде "Б.Байбек" атындағы көшенің суреті жұрттың қызу талқысына түсуде. Алматы әкімінің құрметіне қай өңір көше атауын бергені көпшіліктің қызығушылығын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram / zhest_kz
Фото: Instagram / zhest_kz: UGC

Фото Instagram желісінің zhest_kz парақшасында жарияланған. Алматылықтардың дені "Бауыржан Байбектің атындағы көше атауымен тұрған үйдің" суретін көре салысымен, оның шынайы екеніне күмән келтірді.

"Ол жерде керемет бордюрлер мен 500 теңгеге тойдырып тамақ беретін мейрамханалар бар шығар", - деп әзілдеді суретті көрген желі қолданушылары.

Көзі қырағы тұрғындар суреттен qr-кодты байқап қалды - оның көмегімен көшенің нақты атауын анықтауға болады.

eKSK сайтының мәліметіне сенсек, Байбектің құрметіне қойылған көше расымен де бар болып шықты. Ол - Түркістан облысының Қазығұрт ауылында орналасқан.

Скриншот: city.post.kz
Скриншот: city.post.kz: UGC

Алайда бұл көше Алматы әкімінің құрметіне емес, Байырбекұлы Байбектің құрметіне қойылған екен.

"Біздің ауылда Байбек Байырбекұлы деген кісі болды. Тегі Қалыбеков еді. Кеңестік кезеңде ол колхоз бастығы болатын. Кейін әкім орынбасары атанды.

Шамамен он жыл бұрын қайтыс болғаннан кейін көшені соның құрметіне атады", - дейді Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745280-500-tegege-toasyz-bajbekti-krmetine-kojylgan-kse-zrtty-sulatty/

pixel