RU
Қостанай облысында дәрігер жүкті әйелге көмектесуден бас тартты
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай облысында дәрігер жүкті әйелге көмектесуден бас тартты

Рассказать Вконтакте

Ленино аулына қарай жол тартқан Алена Рубецтің көлігі бұзылып қалып, ол ұзаққа дейін сыртқа шыға алмаған. Бойжеткенді жақын арада жүрген ауыл тұрғыны құтқарып қалған. Оқиғадан кейін өзін жайсыз сезініп ауруханаға жүгінген бойжеткенге дәрігер көмектесуден бас тартты деп хабарлайды kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newizv.ru

Фото: newizv.ru
Source: UGC

Көлік түтінін әбден жұтып өзін жайсыз сезінген Аленаның аяғы ауыр екені белгілі болды. Оқиға орнынан жергілікті дәрігерге хабарласқан бойжеткен жөнді жауап ала алмаған.

"Ол маған бар болғаны Нош-па ішсін деп айтты. Мен өзім де дәрігер болғандықтан жүктіліктің алғашқы айларында ол дәріні ішуге болмайтынын жақсы білемін", - деп айтты Алена Рубец.

Бір сағаттан соң өзі келген дәрігер аяғы ауыр қызға көмектескеннің орнына оған одан бетер ұрысып тастаған.

Фото: kstnews.kz

Фото: kstnews.kz
Source: UGC

"Мен оның бөлімшесіне тіркелмегендіктен ол мені қайда жазарын білмейтінін айтты. Мен оны сабырлыққа шақырғанымен ол бәрібір де жанжал шығарып, ақыр-соңы кетіп қалды", - деп айтты Алена.

Облыстық ауруханаға ол түнде ғана жеткен. Болашақ ананың жағдайы қалыпты. Алайда, ол жұмысына салғырттық танытқан дәрігерді жазасыз қалдырмайтынынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
4
0
2
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel