RU
Елімізде ең көп жалақыны атыраулықтар алатын болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде ең көп жалақыны атыраулықтар алатын болып шықты

Рассказать Вконтакте

2018 жылдың екінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 162 751 теңге болды. Атаулы жалақы индексі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 108,5%-ға, нақты жалақы индексі 102,2%-ға тең болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады деп жазады "Атырау" басылымы.

Елімізе ең көп жалақыны атыраулықтар алатын болып шықты

Көрнекі фото
Source: UGC

Салалық құрылымдар бойынша ең үлкен атаулы жалақы:

  • қаржы және сақтандыру қызметінде – 335,3 мың теңге; (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе артты);
  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 273,2 мың теңге (1,7 есе артты),;
  • өнеркәсіп саласында – 224,7 мың теңге (1,4 есе артты);
  • ақпарат және байланыс саласында – 238,4 мың теңге (1,5 есе артты);
  • құрылыс саласында – 212,8 мың теңге (1,3 есе артты) байқалды.
Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде болып шықты – 93,7 мың теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 42,4%-ға төмен.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 291,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есе жоғары.

Жамбыл облысында ең жоғары айлық еңбекақы көлемі 111,2 мың теңге болды, еліміз бойынша бұл орташа деңгейден 31,7%-ға төмен.

Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

Сіздің реакцияңыз
1
5
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel