RU
Атырауда сән-салтанатпен ашылған балабақша бес күннен соң жабылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда сән-салтанатпен ашылған балабақша бес күннен соң жабылып қалды

Рассказать Вконтакте

Аудан орталығы Индербор кентінде үш балабақша болғанымен, сұранысты толық қанағаттандыра алмай отыр: балабақша кезегінде 556 бүлдіршін тұр. Ал көктемде салтанатты түрде ашылған жеке меншік балабақша бес-ақ күн жұмыс жасады деп жазады "АқЖайық".

Атырауда сән-салтанатпен ашылған балабақша бес күннен соң жабылып қалды

Атырауда сән-салтанатпен ашылған балабақша бес күннен соң жабылып қалды

Наурыз мерекесі кезінде кентте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 40 орындық «Бал-Бала» балабақшасы ашылып, лентасын аудан әкімі Серік Арыстан өзі қиған болатын.

Бастапқыда оншақты бала қабылдап, бес күн жұмыс жасағаннан кейін неге екені белгісіз балабақша жабылып қалды. Содан бері есігінің құлпы ашылмай, маңдайшасын да алып тастапты.

- Біз үкіметтен субсидия аламыз деп ойлағанбыз, алайда құжаттарымыз толық бітпеді. Ешкімді кінәламаймыз. Бүгінде осы жұмыс жалғасып жатыр, қыркүйекте ашылуымыз керек,- дейді балабақша иесі Гүлзада Сабирова.

"Балабақшаға сұраныс бар, кәсіпкерлерді мектепке дейінгі бала тәрбиесі мекемелерін ашуға ынталандырып жатырмыз. Сондай-ақ, биыл бұрынғы мектепті жөндеуден өткізіп, 80 бала қабылдайтын балабақша ашамыз", - деп ағынан жарылды Индербор кенті әкімі Рулан Турабаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel